кушти ШӨМЕКЕЙМІН
Шөмекеймін, мені көр де ғұнды көр,
Тарихым терең,
Тарихыма құлдық ұр.
Жер-жаһанды жаулар едім, кім білсін,
Мұхит болмай, жалғағанда қырды қыр.
Əйтсе де жуас жұртқа тиіспеген,
Ал қырсыққа қырсығып, қиыс келген.
Маңайына шаппаған бөрі сынды,
Ал шабуы шектелген мүйіспенен.
Шөмекеймін, бақсаң да қай қырымнан,
Не ұғасың сан ғасырлық жырымнан.
Алтыншы ғасырдағы чумугуньмын,
Мен едім сол отыз мың боп қырылған.
Шөмекеймін, ұрпағымын ғұндардың,
Бөрі сынды көкке қарап ұл(ы)ғанмын.
Ағайындар айып етпе, мақтансам,
Тектімін мен, тегіме бет бұрғанмын.
Шыңғысханнан əлдеқайда əрімін,
Елеусізбін, кім білсін, "кəрімін"
Көміліп Қызылқұмның құмдарына,
Өткеннің қайыра алмағам қарымын.
Бақберген Арысланбаев